Зейнетақы қызметі нарығында көшбасшы болу үшін, көп нәрсе қажет. Соның ішінде, талас тудырмайтын ең маңыздысы - өз ісіңе шын берілу. Әуел бастан-ақ біз өз алдымызға бірінші болу мақсатын қойдық. Сондықтан біздің өз салымшыларымызға ұсынарымыз – тек көтеріңкі табыс, жоғарытехнологиялы және сапалы қызмет көрсетулер болмақ.
«ҰларҮміт» қоры № 0000001 мемлектеттік лицензиямен жұмыс істейді. Қор зейнетақы жарналарын тарту және төлеуді жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді және зейнетақы жинақтау қорларының үздік үштігіне кіріп.
«ҰларҮміт» қоры ірі институционалдық инвестор болып табылады. Қордың зейнетақы активтерінің үштен екі бөлігі «А» тізіміндегі корпоративтік эмитенттердің құнды қағаздар шығаратын акциялары мен облигацияларына, ипотекалық облигацияларға, Қазақстан даму банкі облигацияларына, екінші деңгейдегі банктер депозитіне салынған. Бұл - республикамыздың экономикалық секторының дамуына қосылған елеулі үлес екені даусыз.