ҚОРДЫҢ ТАРИХЫ
1997 жыл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын бекіту туралы» Қаулысы қабылданғаннан кейін біздің қордың акционерлері бірінші болып бұл идеяға қолдау көрсетті және жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында бірінші корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры – «Қазақтелеком –Үміт» пайда болды.
Бірінші қазақстандық қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеуді жүзеге асыру қызметі бойынша № 0000001 мемлекеттік лицензиясын алды. «Қазақтелекомның» бүкіл ұжымы Қордың салымшыларына айналды.
1998 жыл. Акционерлердің шешімімен Қорды «Үміт» ашық жинақтаушы зейнетақы қорына айналдыру жөнінде шешім қабылданды.
2000 жыл. Кәсіподақтар Федерациясының жинақтаушы зейнетақы қоры «Үміт» ЖЗҚ-на қосылды.
2001 жыл. «Ұлар» ЖЗҚ және «Үміт» ЖЗҚ акционерлері «ҰларҮміт» ЖЗҚ» ЖАҚ деген атаумен елдегі ең ірі екі қорды біріктіру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бірігу мақсаты - зейнетақы саласында қызмет көрсетудің бүгінгі заманның ең озық талаптарына жауап беруге қабілетті қуатты қаржы және әлеуметтік институт құру идеясы болды. Осы уақыттан бастап біріккен бренд негізінде «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының даму тарихындағы жаңа кезеңі басталды.
2005 жыл. Жарғының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты «ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Жабық Акционерлік Қоғамы - «ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы болып атауын өзгертті.
«ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 100 млрд. теңгеден асты.
2006 жыл. “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның зейнетақы активтері 130 млрд. теңгеге немесе 1 млрд. АҚШ долларына жетті.
2007 жыл. “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның зейнетақы активтері 200 млрд. теңгеден немесе 1,5 млрд. АҚШ долларынан асты.
2009 жыл. «ҰларҮміт» - зейнетақы нарығында бірінші рет әділ прогрессивті комиссиялық сыйақы шкаласын қолданған жалғыз Қор.
Салымшылары 2008 жылы дағдарыста жоғалтқандарының орнын «ҰларҮміт» өз капиталының есебінен толтырды. 5 миллиард 868 миллион теңге, салымдар мен зейнетақы шоттарындағы жарналарының болу мерзіміне пропорционалды, қазіргі барлық салымшылар арасында бөлінді.
Бүгін «ҰларҮміт» - мемлекетіміздің барлық аймақтарында 17 филиал мен 60 бөлімшелерден құралған жүйе арқылы салымшыларға қызмет көрсететін жүйе құрушы қорлардың бірі.